28 шілдедегі мәлімет бойынша, 89 058 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 24 748 пациент стационарда, 64 310 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Науқастар арасында 1 500 адамның жағдайы ауыр, 319 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 160 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Түркістан облысынан басқа өңірлердің бәрі «қызыл» аймақта орналасқан.