Әлем • 28 Шілде, 2021

Вакцина паспортын тексеретін қосымша таныстырылды

736 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзірбайжанда вакцина паспортын тексеруге арналған мобильді қосымша таныстырылды, деп жазады Egemen.kz.

Вакцина паспортын тексеретін қосымша таныстырылды

Қосымшаны Әзірбайжан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтарға қызмет көрсету және әлеуметтік инновациялар жөніндегі мемлекеттік агенттіктің «Электрондық үкіметті дамыту орталығы» әзірлеген.

1 қыркүйектен бастап іске қосылатын мобильді қосымшаны isazә.e-gov.az порталы арқылы анықталған уәкілетті адамдар пайдалана алады. Қолданба уәкілетті тұлғаға құжаттың QR кодын тексеру немесе жеке куәліктің мәліметтерін енгізу арқылы COVID паспортының немесе иммунитет сертификатының жарамдылығын тексеруге мүмкіндік береді.

Электрондық үкіметті дамыту орталығының директоры Фариз Джафаровтың айтуынша, егер адамның қолында вакцина паспорты болмаса, оны FIN нөмірі арқылы тексеруге болады.

«Егер азаматта COVID төлқұжаты болмаса, онда экранда бірден ескерту пайда болады және бұл адам Министрлер Кабинетінің қаулысында көрсетілген орындарға жіберілмейді», деп атап өтті Ф. Джафаров.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20