Аймақтар • 28 Шілде, 2021

Степноргорск ауылдарында төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Степноргорск қаласының дауылдан зардап шеккен Изобильный және Бестөбе ауылдарында төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін, Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл үшін қала әкімдігінің келісім күтіп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Степноргорск ауылдарында төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін

Фото баспасөз қызметінен

Дауылды желдің салдарынан екі ауылда 38 үй мен әлеуметтік нысанның шатыры ұшып, алтауы қатты қираған. Трансформатор мен электр беру желілерінің 40 тірегі зақымдалып, электр жарығы сөнді.

«Құжаттар Министрлікте келісілуде. Сол себепті ТЖ ресми түрде әлі жарияланбады. Егер төтенше жағдай енгізсек, зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсете аламыз. Оларға 40 АЕК көлемінде көмек қарастырылады», деді Степногорск қаласы әкімінің кеңесшісі Ұлболсын Молдахметова.