- Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде жедел қызметкерлер 3 келі есірткі тауып, тәркіледі. Сондай-ақ Ақсу қаласында 41 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, ер адамнан 9 келіге жуық есірткі заты - марихуана тәркіленді, - дейді департаментте.
Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 296-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері өңірде барлығы 65 есірткі қылмысы анықталды. Заңсыз айналымнан 61 келіден астам есірткі құралдары алынды.