Бүгінде Алматының инфекциялық стационарларында 3943 адам емделіп жатыр. Реанимацияда жатқандардың 98%-ы вакциналанбаған. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында №5 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Гүлзат Байзахова алматылықтарға вакцинаны кейінге қалдырмауға шақырды.

Дәрігердің айтуынша, ковидті госпитальдің реанимациясында 267 алматылық бар, ӨЖЖ-де – 28 адам, инвазивті емес ӨЖЖ-ге 110 адам қосулы болса, тағы 103 науқас High flow аппаратының көмегімен ем алуда.
Гүлзат Байзахова 27 шілдедегі жағдай бойынша Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 250 науқастың тіркелгенін хабарлады.
«Қауіпті індетті жұқтырғандардың көптігінен науқастарды орналастыру үшін төсек-орын санын көбейтудеміз. Қазірдің өзінде қаланың 3 943 тұрғыны инфекциялық стационарларда жатыр. Соның ішінде 215 бала бар. Сонымен қатар 7 702 науқас мобильді бригада мен телемедицина орталығының күнделікті бақылауында. Себебі, көбісі екпе алмаған және бетперде режимін сақтамаған», – деді бөлім меңгерушісі.
Г. Байзахованың айтуынша, вакцина адамның індет жұқтырмауына 100 пайыз кепілдік бере алмайды. Сіз ауру жұқтыруыңыз мүмкін, бірақ ол жеңіл түрде өтеді.
«Шынында бізде вакцинаға қарсы адамдар бар. Бірақ бұл тек 1-2%. Қалғандары вакциналанбаған науқастар. Вакцинадан өтпеген тұрғындар қауіпті, олардың иммунитеті вирустың мутациясына көбірек бейім», – дейді бөлім меңгерушісі.
Егер бұрын жұқтырғандардың көпшілігі 60 жастан асқандар болса, соңғы аптада дәрігерлер науқастардың ішінде жастар мен балалардың көбейгенін айтты. Бұл жаңа «үнді» штамының пайда болуымен байланысты. Ол өте жұқпалы және инкубациялық кезеңі де қысқа. Г. Байзахова жасына және созылмалы аурулардың болуына қарамастан екпе алу өте маңызды деп санайды. Оның айтуынша, вакцинаға күмәнмен қарайтын адамдар жанама әсерден қорықпауы керек.
«Вакцинадан кейін адамдарда белгілі бір реакция пайда болады. Бұл қалыпты дене қызуының пайдаболуы. Сондай-ақ инъекция орны ауырған кезде жергілікті реакция бар. Адамның вакцинаға реакциясы бар жоғы иммунитетке байланысты емес. Бұл антидене титріне тәуелді емес. Вакцинаны алғаннан кейін екккен жерді үш күн бойы сутигізбеу, монша мен саунаға барудан бас тарту, алкоголь ішпеу жеткілікті. Сондай-ақ осы кезеңде физикалық жүктемелерден аулақ болу керек», – деді Г. Байзахова.
Дәрігер Қазақстанда бар вакциналардың түбегейлі айырмашылықтары жоқ дейді. Олардың барлығы иммунитетті қалыптастырады.
«Вакцинаның екі компонентін алғаннан кейін адам бірден вакцина паспортын алады. Себебі деректер электрондық үкімет порталымен байланысты. E-Gov mobile қосымшасындағы «цифрлық құжаттар» бөлімінде қажетті құжатты көруге немесе емханадан анықтама алуға болады», – деп түсіндірді Г. Байзахова.
Алматыда 1 ақпан мен 27 шілде аралығында 690 711 адам вакцина алды. Өткен тәулікте 5 001 қала тұрғыны екпе алды. 60 жастан жоғары вакцина алған адам саны – 96 553.
АЛМАТЫ
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Кеше
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Кеше
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Лицензиясы қайтарылған банктерді тарату жүріп жатыр
Қаржы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Кеше
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Кеше
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Кеше
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Кеше
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Кеше
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Кеше
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Кеше
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Кеше
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Кеше
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Кеше
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Кеше
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Кеше
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Кеше
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар