Аймақтар • 28 Шілде, 2021

Атом көлге сапар

1743 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сапарлап, Семейден 100 шақырымдай жердегі Атом көлге ат басын тіредік.

Атом көлге сапар

Көл жасанды. 1965 жылы Шаған өзенінің жағасындағы жойқын жарылыстың салдарынан пайда болған. Сынақ жүргізгендер халыққа ауылшаруашылық мақсатында көл жасаймыз деп жалған ақпарат берген.

456

Жарылыс қуаты Жапонияның Хиросимасына тасталған атом бомбасынан 9 есе көп деседі.

456

Дүмпудің қатты болғаны сондай, тонна тартатын тастарды 8-9 шақырымға дейін ұшырған.

456

Біз радиция бар-ау деп үрейленіп барсақ, балықшылар Атом көлге қармақ салып жүр.

456

Әсіресе сазан көп деседі. Көлдің диаметрі 500 метр, тереңдігі 90 метр.