TOKYO2020 • 28 Шілде, 2021

Токио-2020: Василий Левит мәлімдеме жасады

601 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Василий Левит Токио олимпиадасында испандық Эммануэль Рейес Пладан нокаутпен жеңілгені туралы алғаш рет пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Токио-2020: Василий Левит мәлімдеме жасады

Фото Левиттің парақшасынан

«Жазылушыларыма және жанкүйерлеріме осындай қиын сәтте қолдау білдіріп жатқаны үшін алғыс білдіргім келеді! Сіздер жеңісімнің қуанышын да, жеңілісімнің ащысын да бөлісіп жүрсіздер! Спорт - менің өмірім. Боксшыларда «Құламаған адам көтерілуді білмейді» деген сөз бар. Бұл өрнек мақсатына ұмтылатын кез келген адамның өміріне қатысты.

Жалғыз өзіңе соққы алу өте қиын, бірақ мұндай қолдауды сезінгенде, өмірде жалғыз емес екеніңді түсінесің! Отбасым, туыстарым және әрдайым артқа сүйейтін жақын адамдарым бар. Ал сіздер, құрметті жанкүйерлер, менің жеңісімді де, жеңілісімді де қабылдауға дайынсыздар. Осындай жылы сөздеріңізді оқығанда сені түсінетін және саған сенетін адамдардың болуы өмірдегі ең құнды нәрсе екенін түсінемін», деп жазды Левит өзінің Instagram парақшасында.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35