Коронавирус • 28 Шілде, 2021

Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасына қатысты қанша іс қозғалды?

582 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың басынан бастап вакцинация паспортын және ПТР анализдерін қолдан жасау бойынша 80-ден астам қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасына қатысты қанша іс қозғалды?

Заппаровтың айтуынша, жыл басынан бері полиция органдары барлығы 86 қылмыстық іс қозғады. Оның 39-ы вакцинация паспортын және 47-сі ПТР-анықтаманы қолдан жасауға байланысты болып отыр.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жалған вакцинация паспорты немесе ПТР-анықтама сату туралы 62 хабарландыру анықталды.

Айта кетейік, жалған құжат жасағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.