Қазақстан • 28 Шілде, 2021

Ashyq: «Қызыл» және «сары» мәртебесі бар 23 мың қазақстандық анықталды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл деректерді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ashyq: «Қызыл» және «сары» мәртебесі бар 23 мың қазақстандық анықталды

«Қазақстанда халықтың сақтығы төмен екендігі байқалады. «Қызыл» және «сары» мәртебесі бар азаматтар нысандарға баруын жалғастыруда, біз бетперде тағуды, КВИ алдын алудың негізгі шаралары болып табылатын әлеуметтік қашықтықты сақтауды тоқтаттық», деді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. 


Осылайша, «Ashyq» қосымшасы арқылы «Қызыл» және «сары» мәртебесі бар 23 мыңнан астам келуші анықталды, оның ішінде 13 516 ПТР тесттің оң нәтижесі бар науқастар және 9 688 науқаспен байланыста болған адамдар.