Әлем • 29 Шілде, 2021

Үндістанда шалбар киген жасөспірімді туыстары асып өлтірген

2998 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанда жасөспірім қыз джинсы кигені үшін өмірінен айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz bbc.com сайтына сілтеме жасап.

Үндістанда шалбар киген жасөспірімді туыстары асып өлтірген

Аталған оқиға 20 шілдеде орын алды. 17 жастағы Неха Пасвану ата-анасы жұмыс істеген кезде ата-әжесінің үйінде уақыт өткізген.

«Неха дүйсенбі күні ораза ұстады, таңертең дұға етті. Кешке намаздан кейін ол ешкімнен рұқсат сұрамай джинсы шалбар киді. Алайда, оның әжесі, атасы, ағасы мен тәтесі джинсы киюге наразылық білдірді. Бұған Неха үкімет қыздарға джинсы киюге рұқсат берді деп жауап берді. Сондықтан мен джинсы киіп, оқып, жазып, заман талабына сай қоғамда өмір сүруім керек», деді Неханың анасы.

Әйелдің айтуынша, осыдан кейін әжесі, атасы, ағасы және тәтесі қызын өлердей сабап, ауруханаға апарды. Айналасындағыларға қыздың есінен танып қалғанын айтқан.

Ақыр соңында, Неханың денесі Гандаки өзеніндегі Патон көпірінен табылды. Қыздың туыстары оның денесінен құтылуға тырысқан.

Полиция қыздың туыстары мен оларды көпірге дейін жеткізген көлік жүргізушісін қатыгез кісі өлтірудің қатысушылары мен сыбайластары ретінде қамауға алды.