Қазақстан • 29 Шілде, 2021

Елімізде 15,7 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек етуде

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 15 796 шетелдік азамат Қазақстан Республикасының аумағында еңбек етіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 15,7 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек етуде

Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 651 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 281 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары), үшінші санат – 7 600 (мамандар) және төртінші санат – 410 адам (білікті жұмысшылар).

Сондай-ақ, маусымдық жұмыстарға – 1 939 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1915 адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 793 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 484 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 97%-ын құрайды.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер келесі: Қытай – 3 782 адам, Өзбекстан – 1 953 адам, Түркия – 1 633 адам, Үндістан – 1 051 адам, Венгрия – 992 адам, Ұлыбритания – 959 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді.

2021 жылы аталған квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.