Спорт • 29 Шілде, 2021

Волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты Филиппинде өтеді

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Филиппиннің Пампанга қаласында волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының жалауы желбірейді, деп жазады Egemen.kz.

Волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты Филиппинде өтеді

Айтулы жарыс 1975 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Сол аралықта 20 мәрте жалауы желбіреген дүбірлі додада Қытай құрамасы ең керемет нәтиже көрсетті. Аспанасты елінің арулары 13 мәрте жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Бас жүлденің бесеуін Жапония өз қоржынына салды. Тағы екі рет Таиланд волейболшыларының бағы жанды. Қазақстанның волейболшылары бір мәрте ғана жүлдегерлер қатарынан көріне алды. 2005 жылы Тайцан қаласында өткен біріншілікте жерлестеріміз күміс медальді иеленген еді.

Биылғы Азия чемпионатында жерлестеріміз А тобында өнер көрсетеді. Бастапқы кезеңдегі біздің қарсыластарымыз – Өзбекстан, Тайпей және Филиппин құрамалары. Ал В тобында Оңтүстік Корея, Иран және Аустралияның арулары шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше