Елорда • 29 Шілде, 2021

Елордада карантин талаптарын бұзған тағы 5 мекеме анықталды

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың мониторинг топтары өткен тәулікте карантин талаптарын бұзған 5 мекемені анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада карантин талаптарын бұзған тағы 5 мекеме анықталды

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты

Кейбір мекемелер мониторингтік топ мүшелерін ішке кіргізбей, есігін ішінен жауып алып жұмыс істеген. Олардың арасында «The Bus» музыкалық бары, «Лағман және палау орталығы» кафесі, «Alanya» караоке-мейрамханасы бар.

Карантин талаптарын бұзғандар қатарында Байқоңыр ауданында орналасқан «Black House» компьютерлік клубы да бар.

Есіл ауданында «Аura Club Alanya» түнгі клубы белгіленген уақыттан кейін де жұмыс істеді.

Алматы ауданында «Mansion» караоке-бары мен «ХЗ» бары жұмыс режимін бұзды.

Сарыарқа ауданындағы «Ас» асханасында да карантин шектеулері сақталған жоқ.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шара қолдану үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, елордадағы эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып қалуда. Күн сайын 1300-ден астам адамның коронавирус жұқтырғаны анықталып жатыр.