Қазақстан • 29 Шілде, 2021

Ақпарат министрлігі Түркі кеңесі БАҚ жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысына қатысты

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ыстамбұлда Түркі кеңесі БАҚ жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысы және Әлеуметтік желілерде жұмыс істеу бойынша Оқыту бағдарламасының бірінші күні өтті, деп жазады Egemen.kz АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпарат министрлігі Түркі кеңесі БАҚ жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысына қатысты

Аталған шараның 29-30 шілде аралығындағы бағдарламасына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстанның мемлекеттік БАҚ өкілдері қатысып отыр.

Сондай-ақ іс-шараға Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан ссынды Түркі кеңесі мүшелерінің тиісті институттары мен ұйымдарының өкілдері және Венгрияның (бақылаушы-мемлекет) өкілдері қатысуда.

Шара басында Түркия Президенті Әкімшілігінің байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтун сөз сөйледі.

Тренинг бағдарламасы әлеуметтік желілерде тәжірибе алмасуға, дезинформацияға қарсы күресте үздік тәжірибелерді талқылауға бағытталған.