Аймақтар • 30 Шілде, 2021

Алматы облысында ресторан иелерінен пара алған шенеуніктер ұсталды

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талдықорған мониторлық тобы мүшелерінің рестораторлардан пара алғанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Telegram каналына сілтеме жасап.

Алматы облысында ресторан иелерінен пара алған шенеуніктер ұсталды

«Бөлім бастығы өзінің қарамағындағы бас маманмен келісе отырып, COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күресу бойынша дағдарысқа қарсы шаралар кезінде, жаппай адамдармен іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, жүйелі түрде пара алған. Олар карантин талабы бұзған ресторан иелері мен саудагерлерге әкімшілік жаза қолданудың орнына 20 мыңнан 270 мың теңгеге дейін пара алып отырған.

Сондай-ақ, 5 мейрамхана әкімшісі пара бергені үшін жауапқа тартылады.

Шенеуніктер уақытша ұстау изоляторында. Тергеу жүріп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2 тамыздан бастап бірқатар өңірде карантин  күшейтіледі.