TOKYO2020 • 30 Шілде, 2021

Ауыр атлетика федерациясы Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлеріне көлік сыйлайды

860 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Токио-2020 Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоға жаңа көліктер сыйлайтын болады, деп хабарлайды Egemen.kz федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Ауыр атлетика федерациясы Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлеріне көлік сыйлайды

«Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоны Toyota Camry жаңа автомобильдерімен марапаттаса, спортшылардың жеке жаттықтырушылары мен құраманың бас бапкері ақшалай сыйақы алады. Спортшыларға автокөлік кілтін ҚР ФТА президенті Жанат Түсіпбеков жақын арада Нұр-Сұлтан қаласында табыстайтын болады», деп мәлімдеді ҚР ФТА баспасөз қызметі.

Токиода өткен Олимпиада ойындарында Игорь Сон 61 келіге дейінгі санатта қола жүлдені жеңіп алса, Зульфия Чиншанло 55 келіге дейінгі санатта үшінші орынды иеленді.

28 шілденің кешінде спортшылар елге оралып, оларды Алматы әуежайында жанкүйерлері мен жақындары салтанатты түрде қарсы алды. Салтанатты шараға ауыр атлетика федерациясы мен Алматы облысы әкімдігі, БАҚ өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50