Елорда • 30 Шілде, 2021

Елордада 21 жастағы есірткі диллері ұсталды

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қарасора-2021» жедел алдын алу шарасы аясында полицейлер елорда аумағындағы есірткі және жүйкеге әсер ететін заттарды сатумен айналысатын адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада 21 жастағы есірткі диллері ұсталды

Күдіктінің жалдамалы пәтерінде психотроптық заттар салынған электрондық таразылар, есірткіні буып-түюге арналған полиэтилен пакеттерінің 350 данасы, 255 мың теңге көлеміндегі ақша қаражаты, сондай-ақ сатылуға дайын тұрған «синтетикалық» препараттар табылды.

«Тәркіленген есірткі дозалар бойынша өлшеніп салынған. Нәтижесінде, есірткінің бір реттік 90 дозасы табылды. Ұсталған азамат синтетиканы Нұр-Сұлтан қаласының аумағында сатпақ болған», деп атап өтті полицияда.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жас диллерге ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі «есірткі заттарын заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу» бойынша айып тағылды. Бұл 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру мен мүлкін тәркілеу жазасын көздейді.