Қазақстан • 30 Шілде, 2021

«Біздің сүйікті дәрігер» фильмінің жұлдызы - Роза Исмаилова көз жұмды

2038 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Роза Исмаилова - КСР, қазақстандық және өзбек әртісі 84 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біздің сүйікті дәрігер» фильмінің жұлдызы - Роза Исмаилова көз жұмды

Қайғылы хабарды танымал өзбек актері, режиссер және продюсер Азамат Иргашев Facebook парақшасында жариялады.

«Бүгін сағат 16.00-де қазақ және өзбек актрисасы Роза Мансұрқызы Исмаилова 84 жасында ақтық сапарға аттанды. Ол талантты әртіс, жолдасы кинорежиссер Гияс Шермухамедовпен және екі ұлдың анасы болған. Жойингиз Жаннатда бўлсин, Аллох рахмат қилсин! Амин!», деп жазды Азамат Иргашев хабарламасында.

Роза Исмаилова 1937 жылы 14 сәуірде дүниеге келген. 1957 жылы «Қазақфильм» студиясында режиссер Шәкен Айманов пен Александр Карпов түсірген «Біздің сүйікті дәрігер» кинокомедиясында басты рөлді сомдағаннан кейін танымал болды.

Кейін Алматы консерваториясында оқып жүріп, «Жерге оралу» (1959) және «Сплав» (1961) фильмдеріне түсті. Ташкентте отбасын құрған әртіс, «Өзбекфильм» киностудиясында актриса мансабын жалғастырды. Ташкентте түсірілген «Алмаз белдеуі» (1985) фильмі Роза Исмаилованың мансабындағы соңғы фильм болды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше