TOKYO2020 • 31 Шілде, 2021

Зәкір Сафиуллин бокстан Олимпиада ойындарының ширек финалында

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токиода Олимпиада ойындарында бокстан ерлер мен әйелдер арасында жекпе-жектер жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Зәкір Сафиуллин бокстан Олимпиада ойындарының ширек финалында

Фото: Владислав Семёнов, Қазақстан ҰОК

63 келіде жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин ширек финалға шықты. 

Отандасымыздың қарсыласы жапониялық Даисуке Наримацу болатын. Алайда, жапониялық боксшы жарақатына байланысты шаршы алаңға шықпады. Нәтижесінде, қазақстандық Зәкір Сафиуллин келесі айналымға өтті.