Оқиға • 02 Тамыз, 2021

Павлодар облысында жас жігіт суға батып кетті

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында кішкентай нәресте мен жас жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында жас жігіт суға батып кетті

«1 тамыз күні сағат 18.00-де Ақсу ауылдық аймағының Пограничник ауылында 2020 жылы туған бала ата-анасының қарауынсыз қалған. Үйінде су тұрған ыдысқа құлап, көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Сондай-ақ сол күні сағат 01.40-та Усолка өзенінен шомылу кезінде суға батып кеткен 22 жастағы жігіттің денесі табылды.