Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шахтинск қаласының боксшысы Иван Тацидың өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды. Айыпталушы 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қылмыстық істі Қарағанды облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қайрат Қасымов қарады. Сотталушы ҚР ҚК-ның 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа тартылды. Сот оны кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеуге үкім шығарды.
«2020 жылдың 20 тамызында Шахтинск қаласында сотталушы достарымен бірге автовокзал артына Иван Тациды бұрын болған келіспеушілікті шешу үшін шақырған. Сол төбелес кезінде Иван пышақталған. Сотталушы пышағын жолдың бойына лақтырып, оқиға орнынан қашып кетті. Оның кінәсі айғақтармен, бейнежазбалармен және сот-медициналық сараптамалармен дәлелденді», деді Қарағанды облыстық қылмыстық іздестіру басқармасының баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, ҚР ҚК-ның 99-бабының санкциясы бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
«Сотталушы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Ол жасаған ісіне өкінген жоқ. Сондықтан, ол қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», деді сот.
Еске салайық, 2020 жылдың 20 тамызына қараған түні Шахтинск қаласының орталық ауруханасына пышақ жарақатымен 24 жастағы қала тұрғыны жеткізілген. Жас жігіт ес-түссіз жатқан. Дәрігерлер барлық күш-жігерлерін салғанына қарамастан жігітті аман алып қала алмады. Кейін марқұмның кәсіпқой бокспен айналысқаны белгілі болды. Оны өлтірді деген күдікпен Шахтинск қаласының 22 жастағы тұрғыны ұсталды. Қайтыс болған адам мен ұсталған жігіт бұрын дос болған.
Алманың атасы: Жетісу сиверсінің жайы қандай?
Аймақтар • Бүгін, 00:18
Қоғам • Бүгін, 00:15
Экономиканың өсуіне нақты сектор үлес қосып отыр
Саясат • Бүгін, 00:12
Аймақтар • Бүгін, 00:11
Аймақтар • Бүгін, 00:10
Өзгермелі әлемдегі ынтымақтастық жолы
Саясат • Бүгін, 00:06
Жетінші съездің арқалаған жүгі қандай?
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Йеменде жағдай тұрақталып келеді
Әлем • Бүгін, 00:02
Электр энергиясынан бас тарту кімге ұтымды?
Әлем • Бүгін, 00:00
Аштыққа ұшырағандар саны арта түсті
Әлем • Кеше
Аймақтар • Кеше
Энергетикалық тапшылық: Дағдарыс пен мүмкіндік
Экономика • Кеше
Қаржы • Кеше
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Журналистика жампозы Омарғали Құдышев туралы бір үзік сыр
Қазақстан • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
Өсу мен өшудің арасы екі-ақ тармақ
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
Абай оқулары: Хакім мұрасының жас зерттеушілері
Абай • Кеше
Жергілікті тұлғалар ескерусіз қала бере ме?
Қоғам • Кеше
Көршілермен байланыс артып келеді
Экономика • Кеше
Өнер • Кеше
Әйелін ұрып өлтірген түркістандық 17 жылға сотталды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
«ҚТЖ» филиалының қызметкерлері дизель отынын ұрлаған
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Есеп комитетінің төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Елордада бірқатар көше уақытша жабылды
Елорда • Кеше
Алматыда есірткі сатумен айналысқан топ ұсталды
Оқиға • Кеше
Қаңтар оқиғасында 238 азамат қайтыс болды - Бас прокуратура
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Нұр-Сұлтанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Ұқсас жаңалықтар