Аймақтар • 02 Тамыз, 2021

Павлодарда жылу трассасынан өрт шықты

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТЖД мәліметінше, шығын жоқ. Материал номенклатуралық іске жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда жылу трассасынан өрт шықты

Өрт 2 тамыз күні таңертең №1 өрт сөндіру бөлімінен екі шақырым жерде Мир және Торайғыров көшелерінің қиылысында болған.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер келген кезде өрт 30 метр жылу трассасын, 50 шаршы метр құрғақ шөп пен қоқысты шарпып үлгерген.

- Тілсіз жау сағат 11:59-да сөндірілді. Өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болған. Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеті қызметкері мен екі техника шықты, - деп хабарлады ТЖД.