Әлем • 02 Тамыз, 2021

Түрікменстан президенті жаңа әскери ұшақты сынақтан өткізді

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Балқан уәлаятына (облыс) сапары кезінде жауынгерлік ұшақты сынақтан өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түрікменстан президенті жаңа әскери ұшақты сынақтан өткізді

Бұл туралы «Золотой век» газеті мәлімдеді.

Жаңа әскери ұшақтар тұрағына барар алдында Бердімұхамедов жаттығу жасап, велосипедпен серуендеген. Кейін президентке жаңа техниканың ерекшеліктері мен оның сипаттамалары туралы баяндалды.

«Елдің Қарулы Күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы ұшқыштардың арнайы киімін киіп, жаңа әскери ұшақтың тізгініне отырды. Мемлекет басшысы ұшу алдындағы шаралары мұқият орындады.

Бірнеше минуттан кейін реактивті қозғалтқышы бар ұрыс машинасы аспанға көтерілді. Бірнеше секунд ішінде Мемлекет басшысы басқарған ұшақ қажетті биіктікке көтеріліп, онда ол бірнеше бұрылыс жасады», деп жазады басылым.