Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі және Бас редакторлар клубы еліміз Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» VI халықаралық байқауының бес жеңімпазын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұйымдастырушы комитеттің қарауына 36 мемлекеттегі авторлардан 60 өтінім келіп түсті.
СІМ мәліметінше, байқауға қатысушылардың жұмыстары экономика, саясат, халықаралық қатынастар, мәдениет, туризм, денсаулық сақтау, спорт, қарусыздану, жаңғырмалы энергия, Ұлы Абай және әл-Фараби мұралары сияқты Қазақстанға қатысты кең ауқымды тақырыптарға арналды. Материалар газеттерде, журналдарда, онлайн БАҚ-тарда, телеарналарда, подкастар мен өзге де танымал блог-платформаларда жарияланған.
Жалпы алғанда, ұйымдастырушылардың пікірінше, байқауға шетелдік журналистердің белсенді қатысуы шетелдік БАҚ-тың Қазақстанға деген қызығушылығының жоғары екендігін айғақтайды.
Келіп түскен өтінімдерді қарау нәтижесінде әділқазылар алқасы келесі жеңімпаздарды анықтады:
- ТМД және Балтық елдерінен үміткерлердің арасында журналист Николай Жуковтың (Литва) «Kauno Diena» газетінде жарияланған «Қазақстан бір жыл ішінде биліктің эволюциялық сабақтастығының өзіндік үлгісін көрсетті» атты мақаласы үздік деп таңдалды.
- Цолмон Бат-Эрдэнэнің (Монғолия) «MNB Mongolian National Broadcaster» телеарнасында жарық көрген «37 шақырымдағы 37 жылдық жоспары бар көрші» атты бейнематериалы мен мақаласы Азия және Тынық мұхит аймағының елдерінен келіп түскен өтінімдердің ішінде үздік деп танылды.
- Пәкістандық автор Мехмуд Уль Хассан Ханның «Islamabad Post» және «DNA News» басылымдарында жарық көрген Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалардың өзекті мәселелеріне және Абай Құнанбайұлының рухани мұрасына арналған мақалалары Таяу Шығыс және Африка өңірінен келіп түскен үздік материал болып танылды.
- Оңтүстік және Солтүстік Америкадан келіп түскен ұсыныстар арасынан үздік материал ретінде «Канаданың біріккен қауымдастықтары» ҮЕҰ мен тележурналист Инга Керней-Келнер бірлесе дайындаған «Қазақстан канадалықтар көзімен» атты бейнематериал іріктелді.
Бұған дейін аталып өткендей, байқау жеңімпаздары Қазақстанға сапармен келу мүмкіндігіне ие болады.
Сапар аясында олар Нұр-Сұлтан, Алматы және Түркістан қалаларына, «Бурабай» демалыс аймағына барып, еліміздің табиғи және мәдени нысандарын аралайды, белгілі журналистер, дипломаттар және қоғам қайраткерлерімен кездесе алады.
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Кеше
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Кеше
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Лицензиясы қайтарылған банктерді тарату жүріп жатыр
Қаржы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Кеше
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Кеше
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Кеше
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Кеше
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Кеше
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Кеше
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Кеше
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Кеше
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Кеше
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Кеше
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Кеше
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Кеше
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Кеше
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар