Аймақтар • 02 Тамыз, 2021

Алматыда бір тәулікте індет жұқтырғандар саны 1500-нан асты

267 рет көрсетілді

Мегаполисте коронавирус жұқтырғандардың саны бүгін 1500-нан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдегені аян.

Ә. Қалықованың айтуынша, шілдеде жұқтырғандар саны 25 500-ден асқан, жыл басынан бері Алматыда 81 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Соңғы төрт күнде 6 266 жағдай тіркелді.

Алматы эпидемиологтары тамыз айында КВИ инфекциясын 34,5 мың, қыркүйекте –4,5 мыңдай адам жұқтырады жағдайға деген болжам айтып отыр.

«Бір апта ішінде Алматыда КВИ ауруын тіркеу 1,5 есеге өсті – 6 397-ден 9 852 жағдайға дейін, күнделікті өсім 1,7% құрады. Өткен аптаға қарағанда симптомды науқастар үлесі 90%-дан 92%-ға өсті», деді Әсел Қалықова.

СЭБД басшысының орынбасарының айтуынша, індеттің өршуін тоқтату үшін қалада вакциналау қарқынын арттыру қажет.

«Бүгін біз жастар арасында дерттің асқынғанын және аурудың ауыр  түрін  тіркеудеміз. Бұл вирустың жаңа, жұқпалы штаммдарына байланысты. Инфекция тез таралады және жиі ауыр асқынуларға әкеледі. Оның таралуын тоқтатудың, тұрғындардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – коронавирусқа қарсы вакцинация», деп жалғастырды сөзін Ә. Қалықова.

Еске салсақ, қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет және спорт нысандарында, базарларда және қаланың сауда ойын-сауық орталығында 167 екпе пункті бар. 1038 адамнан тұратын 234 екпе бригадасы жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар

Еңбек – бейнет емес, зейнет

Қоғам • Бүгін, 08:46

Қуатовтың қолтаңбасы

Қоғам • Бүгін, 08:36

Астық жинау қашан аяқталады?

Экономика • Бүгін, 08:33

Дендеген дерттің беті қайтар емес

Коронавирус • Бүгін, 08:30

Бас прокурорлар бас қосты

Саясат • Бүгін, 08:19

Қош бол, Америка!

Әдебиет • Кеше

Смартфонға сыйған сауда

Технология • Кеше

Қарымды қаламгер

Руханият • Кеше

Халықаралық кездесулер

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар