Қоғам • 03 Тамыз, 2021

Алаяқтардан абай болайық

198 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі интернетте, әлеуметтік желілер мен мес­сенджерлерде орналас­ты­рылатын жалған құжат­тар­ды сату жөніндегі хабарлан­ды­ру­ларды анықтайтын және пысық­тайтын арнайы мони­торингтік топтар құрды.

Алаяқтардан абай болайық

Мониторинг нәтижелері бойынша полиция осындай 46 жарнаманы анықтады, онда белгілі бір сомаға жалған вакциналау паспорттары немесе оң немесе теріс тест нәтижелері бар талдау нысандары ұсынылады.

Осы ресурстарда Ресей Феде­ра­циясында, Украинада, Үндістанда және АҚШ аумағында сатылатын меди­ци­налық анықтамалар мен вакциналау сертификаттары туралы хабарландырулар таратылады.

Мысалы, Ресей Федерациясында жалған сертификаттар 7–20 мың рубль­ге, ПТР-тесттен өткені немесе анти­дене­лердің болуы туралы анықтама 550-ден 4,5 мың рубльге дейін бағаланады. Үндістан бойынша вакциналау туралы сертификаттар 5 мың рупийден (шамамен 30 мың теңге) ұсынылады.

Сонымен қатар анықталған ха­бар­ландырулардан мамандар, негі­зінен, алдын ала төлем алуға бағыт­талған алаяқтық схемаларды жіті қадағалайды.

Вакциналаудың 1-ші кезеңінен өт­кен­дігі туралы растау туралы хабарламаны алаяқтар мемлекеттік органдардың рес­ми ресурстарына жатпайтын бөгде пош­та жәшіктерінен жібереді. Содан ке­йін олар 2 кезең үшін алдын ала төлемді талап етеді, содан соң жоғалып кетеді.

Бірқатар жарияланымды тексеру барысында алаяқтардың шетелдік банк­тердің карталарын қолданғаны анық­талды. Ал «сатушылар» үнемі өзгеріп тұратын виртуалды телефон нөмірлерін жиі қолданады.

Алданған адамдар құқық қорғау органдарына жүгінбейді, өйткені олардың өздері жалған құжаттарды сатып алу арқылы заңды бұзуға тырысады.

Анықталған шетелдік ресурстар қа­зақстандық пайдаланушылардың қолжетімділігін болдырмау үшін  уәкі­лет­ті органға жіберіледі.

Осыған байланысты ІІМ аза­мат­тарға қылмыстық процеске қатысушы болуға жол бермеуге және туыстары мен жақындарын осындай әрекеттерден қорғауға шақырады.

 

«Егемен-ақпарат»

 

Соңғы жаңалықтар