Кимешек – қазақ әйелдерінің дәстүрлі ұлттық бас киімі. Көшпелі тұрмыс-салттың нәтижесінде пайда болған. Кимешекті республикамыздың кей өңірлерінде шылауыш деп те атаған. Сонымен қатар бұрама жаулық, иекше, т.б. атаулары да кездеседі. Кимешекті көбінесе ақ матадан, кейде ақ жібектен адамның басына лайықтап пішіп, тігеді.

Кимешек әжелердің салтанатын, биіктігін, тазалығын білдіреді, сонымен қатар басын шаң-тозаңнан сақтап, шашы қобырап тұрмауына септігін тигізеді. Кимешек басты, кеудені, иықты және арқаны жауып тұратындай тұйық етіп тігіледі. Тек адамның бет-әлпеті ашық тұратын жері ойық болады. Ойықтың екі жағы, кеудеге келер тұсы кестеленіп әшекейленеді, ұшына күміс теңгелер, моншақтар тағылады. Бұл кимешекке сән береді, әрі төмен қарай басып, жазылып тұруға әсер етеді. Әр өңірдің әйелдері киетін кимешек негізінен ұқсас болғанмен, үлгісінде және өрнегінде кейбір айырмашылықтар бар.
С. Мұқановтың әдеби-мемориалдық музей-үйінің жатын бөлмесіндегі киім сөресінде ілініп тұрған ерекше жәдігер – кимешек музей келушілерінің назарын аудартып, әрдайым олардың көкейлерінде «Бұл жазушының жары – Мәриям апай киген кимешек пе?» деген сауал оятады. Музей экскурсоводы бұл кимешекті Мәриям Қожахметқызына атақты актриса, Қазақстанның халық әртісі Бикен Римова сыйға тартқанын баяндайды.
Кимешек ақ түсті. Жалпы тігілу пішіні екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі – басқа иекті айналдыра киетін жамылғы. Оған қанық сары және ақшыл сары моншақтармен көмкеріліп, әдемі гүл тәріздес өрнектер түскен. Кеудеге түсіп тұратын тұсына әр жерден ақ, жылтыр моншақтар тігілген. Төменгі етегі ішке қарай қайырылған. Екінші бөлігі – түндік. Ақ матаның ішіне қатты қағаз (картон) салып, айналдыра дөңгелене тігілген. Үстінен жартылай қосымша сары түсті мата жүргізілген. Оған жасыл түсті өрнектер араласқан. Жоғарғы жағынан етегіне дейін әр жеріне сары жылтыр моншақтар тігілген.
Бикен апамыз Мұқаң, Ғабең, Сәбең секілді ұлы тұлғалардың көзін көрген, олардың отбасымен аралас-құралас болған. Сахнадағы ғажайып өнерінен бөлек, ол он саусағынан өнер тамған шебер, ісмер екен. Ол кісі қолы қалт еткенде өзіне көйлек, балаларына киім-кешек тоқығанды ұнатқан. Ал мына өз қолымен өрнектеп тігіп, сыйға тартқан кимешекті Мәриям Мұқанова 1960 жылы Сәбеңнің 60 жылдық мерейтойында киген. Мәриям апай сол тұста 50 жаста болған. Музей кешені қорында осы мерейтойда Мәриям апайдың кимешекті киіп, Сәбеңмен бірге түскен фотосуреті де сақталған. Кимешекті музейге Жанна Сәбитқызы Мұқанова сыйға тартқан.
Назгүл АЛТАЕВА,
«Алматы қаласы музейлер
бірлестігіне» қарасты
С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық
музей кешенінің ғылыми бөлім жетекшісі
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • Кеше
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • Кеше
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • Кеше
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • Кеше
Биыл Шымкентте 51 үй пайдалануға беріледі
Аймақтар • Кеше
Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Қоғам • Кеше
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Перуде лай көшкінінен 150 үй қирады
Әлем • Кеше
Қазақстанда жинақ салымдары бойынша ең жоғары мөлшерлеме өсті
Экономика • Кеше
Алматыда қоршауға өрмелеген 8 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Кеше
Қаржы • Кеше
Екібастұзда алаяқтық жасаған күдіктілер ұсталды
Оқиға • Кеше
Үндістанда су тасқынынан 14 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Нұр-Сұлтан мен Алматы студенттер үшін ең үздік қала қатарына қосылды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан сыртқы саясатының негізгі бағыттары аталды
Қазақстан • Кеше
Биыл Қазақстанда қандай халықаралық іс-шаралар өтеді
Қазақстан • Кеше
Грек-рим күресінен ел чемпиондары анықталды
Күрес • Кеше
Шетел азаматтары медициналық тексерістен қалай өтеді
Медицина • Кеше
Жалдамалы жұмысшылардың жалақысы 17 пайызға өсті
Қоғам • Кеше
Есірткімен ұсталған ақтөбелік 10 жылға сотталды
Аймақтар • Кеше
«Сары» аймаққа кірген жағдайда карантин күшейтіледі
Коронавирус • Кеше
Ұқсас жаңалықтар