TOKYO2020 • 03 Тамыз, 2021

Бокстан Токио Олимпиадасының алғашқы чемпионы анықталды

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токиодағы Олимпиада ойындарында бокстан алғашқы чемпион анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бокстан Токио Олимпиадасының алғашқы чемпионы анықталды

Фото: Reuters/Ueslei Marcelino

Бокстан 2020 жылғы Олимпиаданың алғашқы «алтыны» әйелдер арасында ойнатылды. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда филиппиндік Нести Петесио мен жапониялық Сэна Ириэ кездесті. Кездесу соңында 5:0 есебімен жапон боксшысы жеңіске жетті.

Қола жүлде Ұлыбританиядан келген Кэррисс Артингстолл мен итальяндық Ирма Тестаға  бұйырды.

Ерлер арасындағы бірінші Олимпиада чемпионы бүгін кешкі сессияда анықталады. Британдық Пэт Маккормак пен кубалық боксшы Рониэль Иглесиас 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасады.