Қазақстан құрамасының лидері, конькиші Дмитрий Бабенко қазіргі күндері жапонның Томакомае қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында классикалық көпсайыстан құрлықтың үш дүркін чемпионы атанды.
Қазақстан құрамасының лидері, конькиші Дмитрий Бабенко қазіргі күндері жапонның Томакомае қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында классикалық көпсайыстан құрлықтың үш дүркін чемпионы атанды.
Құраманың үздік стайері 1500, 5000 және 10000 метрлік қашықтықтарға жүгіруде алдына жан салмады. Ол осылайша континенттің үш мәрте чемпионы болумен бірге алдағы наурыз айында Голландияның Херенвен қаласында өтетін әлемнің классикалық көпсайысы үшін жүргізілген аймақтық іріктеу жарысының да сынынан өтті.
Бұған қосатынымыз, Бабенко ақпан айында Сочиде өтетін XXІІ Қысқы Олимпиялық ойындарда жоғарыда көрсетілген үш қашықтық бойынша да жарыс жолына шығады. Барлығы қазақстандық конькишілер қоржынында 12 лицензия бар.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.