15 Қаңтар, 2014

Алматы облысындағы қорықшылардың бір бөлігі браконьер болып шықты

330 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

15 01- brakonerАлматы облысындағы жан-жануарлар әлемі және өзен-көлдер мен ерекше қорғалуы тиіс өсімдіктерді қорықшылардың өздері құртыпты. Өңірдегі  табиғат қорғау мекемелерінің қызметіне жаппай тексеру жүргізген облыстық прокуратура қызметкерлері осындай қорытынды шығарды. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.

Прокурорлар жоғарыда аталған құрылымның басшысынан бастап, тіпті қарапайым қорықшыға дейін тазалау жұмысын жүргізуді ұсынып отыр. Өйткені, өңірдегі «Алтын емел», «Іле алатауы» сияқты ұлттық қорықтар мен орман шаруашылығындағы Қызыл кітапқа енген аңдарды қорықшылар браконьерлермен бірілесіп аулайтыны мәлім болып отыр. Нақты айтқанда, прокуратура қызметкерлері бір күндік рейд кезінде талай былықтың бетін ашқан. Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз аң аулап жүрген бір орманшы ұсталды. Алайда, ол прокуратура қызметкерлеріне қару кезеніп, оқ атқан. Ақыры ол қолға түскеннен кейін қарақұйрықты атқанын мойындады.

Сонымен, тек жан-жануар емес, сексеуіл мен тораңғыт сияқты сирек кездесетін өсімдіктердің оталуына орманшылардың қатысы бар екені  дәлелденіп, 8 қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ 7 тонна балықтың еш рұқсатсыз ауланғаны белгілі болды. Табиғат пен жан-жануарлар әлеміне келген шығын бірнеше жүз миллиондап саналады. 

«Облыстық табиғат қорғау мекемелерінің 2013 жылдың 11 айындағы есебіне жүгінетін болсақ, олар 126 әкімшілік құқық бұзушылық деректерді анықтап, үш қылмыс әшкерелеген. Демек, 600-ден астам қызметкердің 1 айда жасайтын жұмысы тек 11 құқық бұзушылық қаулысын толтырумен шектеледі. Облыстық прокуратура органдарымен жүргізген бір күндік рейдтің нәтижесінде 13 қылмыстық іс қозғалып, 30 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осыдан заңсыз аңшылыққа қорық қызметкерлерінің қатысы бар екені өзінің дәлелін тауып отыр», - дейді облыстық прокуратураның аға прокуроры Нұрбосын Мақашев.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Хабар» телеарнасы.

Фото: Uralinform. ru.

Соңғы жаңалықтар

Қала көркіне айналмақ эко-парк

Экология • Бүгін, 13:23