«Біздің отандастарымыз Stipendium Hungaricum стипендиялық бағдарламасы бойынша оқиды. Бұл тізімді мажар тарапы үміткерлердің мамандық таңдауына деген ынтасына, олардың теориялық білімі мен оқудағы немесе таңдаған саласындағы жетістіктеріне сүйене отырып бекітті. Сондай-ақ әңгімелесу кезінде кандидаттардың жеке қасиеттері ескерілді», деп атап өтті Білім және ғылым министрлігі Халықаралық бағдарламалар орталығы президентінің міндетін атқарушы Данияр Мұқитанов.
Стипендиаттар Мажарстанда бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша қабылдаушы тараптың есебінен оқиды. Сонымен қатар 70-тен аса адамнан тұратын резервтік тізім жасалды. Барлық үміткердің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының ресми сайтында жарияланған.
Осы орайда үкіметаралық келісімдер аясында 330 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында, оның ішінде Мажарстан, Польша, Қытай, Украина, Словакия, Әзербайжан және Вьетнам университеттерінде тегін оқи алатынын айта кеткен жөн.
«Егемен-ақпарат»