Қазақ режиссері Ерлан Нұрмұхамбетов пен жапондық кинематограф Лиза Такэба бірігіп түсірген «Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмі Францияда әупірімдеп жүріп, прокатқа шықты.

Кинотуындының продюсері Юлия Кимнің айтуынша, Қазақстан мен Жапония бірлесіп түсірген картина шілденің соңынан бастап Францияның 21 қаласында көрсетілмек. Фильмнің арнайы көрсетілімі 29 шілде күні Париждегі Espace Saint Michel кинотеатрында санитарлық талаптарға сәйкес өтті.
– Осы бір жарым жылда қаншама тер төгіліп, қаншама жұмыс атқарылды. Пандемияға байланысты Франциядағы тұсаукесер үш мәрте кейінге ысырылды. Дегенмен қиындықтарға қарамастан, үмітіміз үзілмеді. Фильмнің түсіру тобы мен актерлерімізді осы қуанышпен құттықтаймын, – деп жазды продюсер өзінің Facebook-тегі парақшасында.
«Қазақфильм» мен жапондық Tokyo New Cinema компаниясы атсалысқан фильмде тыныш өмірінің шырқын бұзып, барымташылар отағасын аяусыз өлтірген отбасы туралы баяндалады. Марқұмның Олжас есімді 12 жасар баласы, барымташылардың қолынан мерт болған әкесінің өліміне қайғырып, зұлымдықпен күресіп, бастарына түскен тауқыметті бауырларымен бірге көтереді. Қорғансыз қалған Олжастың отбасына ғайыптан пайда болып, қолұшын созған кім? Мұны өз көрермендеріміз індет басылып, картина прокатқа шыққанда көре алады.
Фильмде басты рөлдерді Канн кинофестивалінің үздік актрисасы Самал Еслямова, танымал қазақстандық актер Дулыға Ақмолда мен жапондық актер Мирай Морияма сомдайды. Әкесін жоғалтқан баланың рөлін Мәди Минайдаров есімді жас актер ойнайды.
– Жапондықтармен бірге түсірген фильм әлем кинематографының отанында көрсетілетініне қуанып та, қобалжып та отырмын. Себебі менің шығармашылығымда бұл – алғашқы қуанышты жағдай, – деп ойын бөлісті фильмнің тең режиссері Ерлан Нұрмұхамбетов.
Айтқандай, «Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмі ең алғаш 2019 жылы Азиядағы ең ірі кинофестивальдардың бірі – халықаралық Бусан кинофестивалі шеңберінде көрсетілген еді. Қазақстан мен Жапония бірлесіп түсірген туынды Оңтүстік Кореяның ең үлкен экраны – Busan Cinema Center оралығында аталған фестивальді ашқан болатын.
Былтыр аталған фильм Токиодағы халықаралық кинофестиваль шеңберінде көрсетіліп, Жапонияда прокатқа шықты.
Аталмыш картина елімізде биылғы жылдың соңына дейін прокатқа шығады деп жоспарланып отыр.
АЛМАТЫ
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Жүген ұстап қалмасақ жарар еді...
Аймақтар • Кеше
Өзбек дзюдошыларының деңгейі жоғары
Спорт • Кеше
Су қоймаларындағы балық қоры көбейеді
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кіндігін таспен кескен тас тағдырлы тұлға
Тарих • Кеше
Қазақстан • Кеше
Театр музейінің тамаша табыстары
Театр • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Сағат Әшімбаевтың өмірлік концепциясы
Әдебиет • Кеше
Орфандық аурулар: Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
Медицина • Кеше
1,5 млн бала сауықтыру лагерьлерінде демалады
Білім • Кеше
Руханият • Кеше
Салғырттық танытпауға шақырады
Қоғам • Кеше
Еңбек адамы қорғаусыз қалмайды
Қоғам • Кеше
Қантқа жұмыссыздықтың да қатысы бар
Қоғам • Кеше
Елді жаңарту мен жаңғырту кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Аймақтар • Кеше
Саяси науқанға саналы түрде атсалысу міндет
Референдум-2022 • Кеше
Өзгерістердің мән-жайы түсіндірілді
Референдум-2022 • Кеше
Ақпараттандырудың тиімді тәсілдері қолданылады
Референдум-2022 • Кеше
Өңірдің жолы – әкім жұмысының айнасы
Үкімет • Кеше
Алтын қазушылар табиғатты бүлдіріп жатыр
Экология • Кеше
Экономика • Кеше
Референдумды халықтың 76 пайызы қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Референдум – қоғамдағы ең басты тақырып
Қоғам • Кеше
Pfizer екпесінің 500 мыңнан астам дозасы сатып алынады
Медицина • Кеше
Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістанның 318 тұрғынын кене шаққан
Қоғам • Кеше
Алматы зообағы қонжықпен толықты
Экология • Кеше
Каспий теңізіне қызғылт-сары белгісіз сұйықтық төгілген
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар