TOKYO2020 • 04 Тамыз, 2021

Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына өтті

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына өтті

Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК

Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық Нұрсилам Санаев ширек финалда қарсыласын ұтты. Ширек финалда ол әлем чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен белдесті. Белдесу 6:4 есебімен аяқталып, Нұрислам Санаев келесі айналымға өтті.