Елорда • 04 Тамыз, 2021

Нұр-Сұлтан көшелерінде қызыл түсті жолақтар пайда болды

652 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтандағы жаяу жүргінші жолақтарының алдына қызыл шу жолағы қойыла бастады, деп хабарлайды Egemen.kz елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан көшелерінде қызыл түсті жолақтар пайда болды

«Жол полициясы елорда әкімдігімен бірлесіп, жолақтар арасындағы қашықтықты ұлғайта отырып, жаяу жүргіншілер өткелінің алдында қызыл шу жолақтарын әзірлеп жатыр. Бұл жолақ шу әсерін тудырады, сонымен қатар жүргізушілердің назарын аударуға мүмкіндік береді. Жыл басында қала көшелерінің жеті учаскесіне орнатылды, қазіргі уақытта басқа көшелерге қойылып жатыр», деп жазылған хабарламада.

Полиция атап өткендей, мұның бәрі азаматтардың қауіпсіздігі үшін жасалған.

«Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету - біздің азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауда бірінші кезектегі міндет. Қабылданған шаралар қауіпті жол учаскелерінің санын азайтуға және жол апатының алдын алуға мүмкіндік береді», деді қалалық жол полициясының басшысы Ержан Сәденов.