15 Қаңтар, 2014

Астанада екі күн бойы боран соғады

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 01- buranБүгін, ертең ,яғни15-16 қаңтарда елордада боран болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп күтілуде. Бұл туралы Gazeta.kz хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері аяз болмайды. 15 қаңтарда Астанада күн бұлтты, күндіз қар жауып боран болады, түнде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -5;-7°C, күндіз 0;-2°C. 16 қаңтарда елордада күн бұлтты, қар жауады, боран болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -4;-6°C, күндіз 0;-2°C болуы ықтимал.

17 қаңтарда елордада көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -11-13°C, күндіз -6-8°C болады.

Думан Диуани.

Дереккөз: Gazeta.kz.

Фото: News. nur.kz.

Соңғы жаңалықтар

Қала көркіне айналмақ эко-парк

Экология • Бүгін, 13:23