Аймақтар • 04 Тамыз, 2021

Тракторды мас күйінде жүргізген ауыл тұрғыны қамалды

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы Ертіс ауданында мас күйінде көлік тізгіндеген 59 жастағы ер адам жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Тракторды мас күйінде жүргізген ауыл тұрғыны қамалды

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, мас күйінде көлік жүргізу туралы заңнаманың қатаңдатылуына қарамастан, күн сайын көлікті мас күйінде басқару фактілері көптеп тіркелуде. Тіпті, тәртіп сақшылары көлікті тізгіндеу құқығынан бұрын айырылған тұрғындарды да мас күйінде ұстайды.

- 2021 жылдың 31 шілдесінде Ертіс ауданының полицейлері 59 жастағы ер адамның басқаруымен «МТЗ-82» тракторын тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің ішімдік ішкені анықталған. Жүргізуші куәландырылды, медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес ер адам мас күйінде болған. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБК 608 - бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев.

Материал сотта қаралып, сот қаулысымен трактор жүргізушісі аталған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.