15 Қаңтар, 2014

Мемлекет басшысы шенеуніктердің «А» корпусын бекітті

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 01-01-nazarbaev-1Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидаларын бекітті. Бұл туралы Ras.kz хабарлады.

Ережеге сәйкес, «А» корпусы қызметшілеріне жоспарлы ротация жасау Президент жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның кепілдемесі негізінде уәкілді тұлғаларға жасалады. Ол тек ел Президенті «А» корпусына тағайындаған немесе орнынан босатқан кадрларға ғана қолданылмайды.

Уәкілді тұлғалар өзінің «А» корпусында қызмет ету жөніндегі еңбек келісім-шартының мерзімі бітуге кемінде 4 ай қалған шамада уәкілетті органға мына ұсыныстардың бірін тапсырады: 1) «А» корпусында қызмет ету жөніндегі келісім-шарттың мерзімін ұзарту;  2) «А» корпусында қызмет ету жөніндегі келісім-шартты бұзу; 3) «А» корпусындағы қызметте ротация жасау. Бұлар Жарлық мәтінінде келтірілген.

Садық Сапар.

Дереккөз: Ras.kz

Фото: Ras.kz.

Соңғы жаңалықтар

Қала көркіне айналмақ эко-парк

Экология • Бүгін, 13:23