Вакцина алуға міндеттелген ұйымдар арасында халыққа қызмет көрсету нысандары, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, өндіріс, құрылыс нысандары, көтерме және бөлшек сауда, мәдениет және демалыс, жолаушылар тасымалдайтын ұйымдар, қоғамдық тамақтану нысандары, санаторий-курорттық және сауықтыру орындары, денсаулық сақтау, бос уақытты өткізу және т.б. мекемелер бар.
Бұл ретте соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19-бен ауырып жазылғандар екпеден босатылады.
Ал вакцина алмаған немесе жеті күн сайын ПТР-тест тапсырмаған қызметкерді жұмысқа жіберген ұйымға айыппұл салу қарастырылған.