16 Қаңтар, 2014

Әлияны әспеттеді

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұловаға арналған мемориалдық кешенде болашақ ұшқыштар қазақ халқының даңқты қызына арналған еске алу шарасын өткізді. Шара Кеңес Одағы Батырының  қаза тапқанына  70 жыл толуына арналды.

Митингіге қатысушылар іс-шара барысында халқымыздың даңқты қызын бір минут үнсіз тұрып еске алды. Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әскери институты  курсанттарынан құралған құрмет қарауылы әуеге үш дүркін оқ атты, батыр қыздың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

54-ші жеке атқыштар бригадасының  мергені Әлия Молдағұлова Ұлы Отан соғысы кезінде 1944 жылы Псков облысындағы Казачиха  деревнясында қаза тапты. 19 жастағы Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы ол қаза тапқан соң берілді.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар

Қала көркіне айналмақ эко-парк

Экология • Бүгін, 13:23