Коронавирус • 04 Тамыз, 2021

Коронавирус алдын алуға болатын ауруға айналды – Алмаз Шарман

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ОКҚ брифингінде сарапшы, профилактикалық медицина академиясының президенті, Америкалық денсаулық қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус алдын алуға болатын ауруға айналды – Алмаз Шарман

«Коронавирус бүгінде алдын алуға болатын ауру. Вакцинация  коронавирустық инфекциядан 100 пайызға болмаса да қорғайды және ауыр аурудың алдын алады. Бүгінгі күні әлемде әр түрлі вакциналардың 4 миллиард дозасы егілді. Вакцина 100 пайыз қауіпсіз емес, өте сирек жағдайда аллергиялық реакция немесе тромбоз сияқты жанама әсері болуы мүмкін. Мұндай реакциялар вакцинацияланған 50 мыңның бірінде ғана кездеседі. Бұл ықтималдылықты найзағай түсуімен немесе құлап бара жатқан көпірде болумен салыстыруға болады. Яғни, бұл өте сирек кездеседі», деп түсіндірді сарапшы.

Оның айтуынша, вакцина репродуктивті функцияға немесе нәрестенің денсаулығына әсер етпейді.

«Керісінше, коронавирус жұқтырғандарда бедеулік, шала туылу, сондай-ақ мидың, жүректің және басқа мүше қызметінің созылмалы бұзылуына, оның ішінде ақыл-ой қабілетінің төмендеуіне үлкен қауіп төндіреді», деді Алмаз Шарман.