Коронавирус • 04 Тамыз, 2021

COVID-19: Өңірлердегі жағдай күрделі

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Медицина ғылымдарының магистрі, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек басқармасының басшысы Айма Сағындыкова елдегі инфекциялық төсектердің жүктелімі туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

COVID-19: Өңірлердегі жағдай күрделі

«4 тамыздағы жағдай бойынша елімізде 52 803 инфекциялық төсек орны ашылды. Республика бойынша төсектердің жүктелімі 56%-ға жеткен. Шілде айымен салыстырғанда, тамызда қосылған медициналық ұйымдардың саны 326-дан 339-ға дейін, төсек саны 10 мыңға артты. Инфекциялық стационарлардағы реанимациялық төсек саны – 4 795, жүктелім – 46%.

Инфекциялық төсектердің ең жүктелімі Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында, Қызылорда және Қостанай облыстарында, реанимациялық төсектердің жүктелімі Нұр-Сұлтан қаласында, Маңғыстау және Атырау облыстарында байқалады», деді Айма Сағындықова орталық коммуникаиялар қызметінде.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық ахуал күрделенген жағдайда коронавирустан емдеу үшін қосымша 12 мың инфекциялық төсек және жоспарлы медициналық көмекті тоқтатпай 550 реанимациялық төсек орналастыру мүмкіндігі бар.