Коронавирус • 04 Тамыз, 2021

Ғалымдар балалардың коронавируспен ұзақ ауырмайтынын айтты

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

The Lancet Child & Adolescent Health журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, Ковид-19 белгілері бар балалар әдетте алты күнде сауығып кетеді, деп жазады Egemen.kz The Brussels Times-қа сілтеме жасап.

Ғалымдар балалардың коронавируспен ұзақ ауырмайтынын айтты

Авторлар, оның ішінде Лондонның Корольдік колледжінің өкілдері, бұл мәселе бойынша алғашқы кеңейтілген зерттеу жүргіздік деп мәлімдейді. Зерттеушілер 5 пен 17 жас аралығындағы 1734 баланы зерттеді.

«Covid-19 вирусымен ұзақ уақыт ауыратын балалардың саны өте аз екені көңілге қуаныш ұялатады», дейді жетекші автор Эмма Дункан.

«SARS-CoV-2 инфекциясы балаларда әдетте асимптоматикалық түрде өтеді немесе қысқа мерзімді ауру тудырады», деп жазылған мақалада. 

Орташа алғанда, оларда үш симптом болды: шаршау, бас ауруы, дәм мен иістің жоғалуы.

Төрт аптадан кейін балаларда инфекция белгілері сирек кездеседі. Сегіз аптадан кейін тек 2%-ында симптом болды.

Балалардың көпшілігі бір апта ішінде сауығып кетті.

Егде жастағы балалар кішкентай балаларға қарағанда біршама ұзақ ауырады: 12-17 жас аралығында сауығу үшін қосымша апта қажет болды, ал кіші балаларға тек бес күн қажет.