Оқиға • 04 Тамыз, 2021

Атырауда әскери қызметші қарияны өрттен құтқарды

767 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда әскери қызметші қарияны өрттен құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда әскери қызметші қарияны өрттен құтқарды

Қатардағы жауынгер Батырхан Бейбітұлы 2019 жылдан бері «Батыс» өңірлік қолбасшылығының №5546 әскери бөлімінде келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі болып қызмет етеді. Ол кеше, 3 тамызда қызметтен келе жатып, жеке үйдің терезесінен  қара түтін мен жалынды байқап қалған.

«Мұндайда уақыт жоғалтпау керек. Сондықтан, Батырхан Бейбітұлы телефонмен өрт сөндірушілер мен жедел жәрдемге дереу хабарлаған. Өрт сөндірушілер бригадасы келгенше, өртеніп жатқан үйге кіріп, ішкі бөлмедегі диванда ес-түссіз күйде жатқан қарияны тапқан. Оны өртеніп жатқан үйден көшеге шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Содан кейін әскери қызметші газ қондырғысын өшіру үшін жанып жатқан үйге қайта кірген», дейді ҚР «Батыс» республикалық ұлттық гвардиясы баспасөз қызметінің бастығы, подполковник Ерболат Сұлтанов.

Өрт сөндірушілер жалынды дер кезінде сөндірді. Ал, әскери бөлім төтенше жағдайда көрсеткен батылдығы мен кәсіби шеберлігі үшін қатардағы жауынгер Батырхан Бейбітұлын марапаттауға ұсынып отыр.