Аймақтар • 04 Тамыз, 2021

Павлодар облысының тұрғыны өз үйінде қару жасаған

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жедел іс-шараларды өткізу кезінде полиция қызметкерлері Павлодар облысы тұрғынының қаруды заңсыз жасағанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысының тұрғыны өз үйінде қару жасаған

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, ер адам өз үйінде «ИЖ-18» 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтығын қолдан жасаған. 

- Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 288-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деді Павлодар облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Арыстан Дүйсембаев.