Мемлекеттік қызметтің мәні мен маңызы, жауапкершілік салмағы жөнінде тәптіштеп айтып жату артық. «Мемлекеттік» деген сөздің өзі-ақ бұл салаға өмірін арнайтын адамнан білім мен білікті ғана емес, жоспарлы һәм жүйелі жұмысты, тиянақтылық пен орнықтылықты талап ететіні белгілі. Алайда біздің мемлекеттік қызметшілерде, әсіресе орта буын басшыларында дәл осы тиянақтылық пен орнықтылық, бір лауазымда байырқалап жұмыс істеп, нақты бір нәтижелерге қол жеткізу жағы жетіспейді. Бүгін келген басшы, ертең-ақ басқа қызметке оп-оңай ауысып кете барады. Онда да тұрақтамай, келесі лауазымға ауысып жүре береді. Құдды бір ат ауыстырып мінгендей.

Басшы кадрлар мәселесі біздің өңірде де көпшіліктің көңілінен шығып тұр деу қиын. Мәселен, жуырда Павлодар қаласының әкімі ауыстырылды. Неге? Өйткені қазір Павлодар ауданына әкім болып кеткен Ержан Имансіләм бір жылдай ғана қызмет атқарды. Оның облыс орталығының басшысы ретіндегі «Саяси қызметші» лауазымынан төмендетіліп, «А» корпусына аттандырылуының себебі неде?
Оның орнына жаңадан келген әкім Асайын Байханов өткен жылдың наурыз айынан бастап, бір жыл бес айдай ғана облыс әкімінің орынбасары болған. Ол Баянауыл ауданында туып-өсіп, 2000 жылы университетті «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік қызметке кіргенге дейін банк, қаржы секторында қызмет еткен.
А.Байханов қала әкімі қызметіне тағайындала салысымен-ақ командалық ауыс-түйістерді ешкімнен қымсынбай-ақ бастап кетті. Алдымен, Хасар Хабылбековті өзінің орынбасары етіп тағайындады.
1986 жылы туған Хасар Айтбекұлы 2007 жылы «Құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Қаржы» мамандығы бойынша және 2014 жылы Торайғыров университетін «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша бітірген, «Техника және технология» магистрі дәрежесі бар. Еңбек жолын 2008 жылы мемлекеттік емес құрылымдарда бастаған. 2016 жылы «Казстрой Инжиниринг ПВ» ЖШС директоры болды.
Бір «ғажабы» Хасар Айтбекұлы айналдырған төрт жылдың ішінде, 2017-2021 жылдар аралығында облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, Шарбақты және Тереңкөл аудандары, Екібастұз, Павлодар қалалары әкімдерінің орынбасары лауазымдарын атқарып үлгеріпті. Одан кейін Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарады да, биыл маусым айынан бастап облыстық Құрылыс басқармасының басшысы болып шыға келеді. Енді, міне, арада екі ай өтті ме, өтпеді ме, Хасар мырза Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ал ел ішінде «Хасар екі ай сайын қызмет ауыстырады», «Соншалықты баға жетпес кадр ма?» деген сөздер желдей есіп жүр.
Кешелері тағы бір хабар елең еткізді: «Қалалық құрылыс бөліміне Асқар Ажмұрат тағайындалды», деп сүйіншіледі. Бұл жігіт те тағайындалғанға дейін қыруар қызмет атқарып тастапты. Араға жыл салып қызмет баспалдағында өсіп отырыпты.
Жалпы, қазір өңірдегі әкімдіктерде шырылдауық шегірткелер сияқты бірден-бірге секіріп, мемлекеттік қызметті ойыншыққа айналдырғандар аз емес. Құрылыс, коммуналдық шаруашылық, энергетика басқармаларында да солай. Бірі келіп, бірі кетіп жатыр.
Мысалы, облыстың Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында 2 жыл ішінде 6 басшы ауыстырылды. Алтыншы басшы Айдын Тұрсынғалиев жақында ғана қызметінен кетті.
Айдын Тұрсынғалиев: «5 жыл ішінде Павлодар облысының инвестициялық портфелі 1,9 трлн теңге болатын 151 жобаны құрады. Алдағы жылдары осындай жобаларды іске қосу арқылы аймақ экономикасына 400 млрд теңгеден астам қаражат тартылуы мүмкін. Бұл жұмысты Сыртқы істер министрлігі арқылы жүзеге асырмақпыз. Мәселен, картоп чипсилерін өндіргісі келетін кәсіпкердің жер учаскесі мен белгілі бір қаржы ресурстары бар, бірақ оған шетелдік серіктес, заманауи технологиялар мен бренд қажет. Біз жобаны дайындап, Сыртқы істер министрлігіне бағыттағаннан кейін, ол инвестициялық тапсырысты шетелдегі елшіліктерімізге жолдайды. Содан кейін тапсырыс картоп чипсилерінің өндірушілеріне жіберіледі», деп облыстық әкімдікте баяндама жасағаны жадымызда. Жұрттың аузының суы құрып, жергілікті картоп чипсилерін тамсана жейтін күнді тағатсыздана күтіп отырғанда Айдын мырза бастаған ісін аяғына жеткізбей, қайда тайып тұрды деп ренжіп қалған жайымыз бар...
Ауыл шаруашылығы басқармасына басшы болған Нұрболат Мақашев араға екі жылдай уақыт салып, бұрынғы қызметіне қайта оралды. Ал осы басқармада аз ғана уақыт басшы болған Серік Батырқожинов өзі бұрын басқарған Тереңкөл ауданына қайтадан әкім болып тағайындалды.
Айтпақшы, өткен жылдың шілде айында «I am not a rapper» деген жазуы бар жейдемен жұрт алдына шыққан облыс әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметовтің «Город на Иртыше» әнін орындағанын тамашаладық. Осыған орай, оның Инстаграмдағы парақшасында: «Әйелім маған әрқашан: «Сен рэппер емес, әкімнің орынбасарысың ғой», дейді бірақ бүгін мен 3 минут ішінде осы екі қырымды біріктіруге тырыстым» деген бейнежазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыға түскені бар.
Сәкен Шаяхметов 31 жаста. Ал оған өңірдегі инвестиция тарту, өнеркәсіп, сауда, халықаралық байланыстар, экспорт сияқты аса ауқымды да маңызды салаларға жетекшілік жасау тапсырылған. Ол «вундеркинд» болса, болар. Тек әлеуметтік желілерде оның ата-анасының кімдер екені жарыса жазылғаннан кейін көңілімізге сәл күдік кіргені рас. Сәкен мырза алдағы уақытта өз дарынын іс жүзінде жарқырата көрсетіп, өңірді өркендетуге лайықты үлесін қосатын болса, әрине, күдігіміз сейілері анық.
Түйіндей айтқанда, бізді өңірдегі шенеуніктер сапырылысы, әртүрлі деңгейдегі басшылар арасында мемлекеттік тілді мінсіз меңгерген кадрлардың сиректігі, командалық ауыстыру белең алып бара жатқаны алаңдатады. Ал заң тұрғысынан қарасаң, ешқандай бұрмалаушылық таба алмайсың. Жаңа басшының командасына кіре алмағандардың бәрі «өз өтінішіне сәйкес қызметінен» кетіп жатыр. Күлесің бе, жылайсың ба?!
Павлодар облысы
Қазақстанда 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Білім • Бүгін, 14:47
Докторанттар 195 мың теңге шәкіртақы алады
Білім • Бүгін, 14:42
Елордада аулада жүрген баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:32
Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді
Білім • Бүгін, 14:20
Семейде екі баланы құтқарған адам суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Елордада Astana Open турнирі өтеді
Теннис • Бүгін, 14:01
Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:49
Ауа райы • Бүгін, 13:33
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:17
Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша жұмсайды?
Қоғам • Бүгін, 13:02
Ұлттық қорға 3,4 трлн теңге түсті
Қаржы • Бүгін, 12:54
Қазақстандықтар жарты жылда 44,4 трлн теңгеге онлайн төлем жасаған
Қаржы • Бүгін, 12:44
Елімізде жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті
Экономика • Бүгін, 12:33
Пәкістанда болған жол апатынан 20 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:13
Елімізде 500-ге жуық шетелдік көлік заңсыз тіркелген
ANTIKOR • Бүгін, 11:57
Әлихан Смайылов дизель отынына қатысты мәселені шешуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:43
Үкімет басшысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына баға берді
Үкімет • Бүгін, 11:36
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Әдебиет • Бүгін, 11:23
Елордада тағы 7 автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Бүгін, 11:15
Болат Ақшолақов дизель отынының лимиттерін атады
Қоғам • Бүгін, 11:07
Елордада мұқтаж азаматтар үйіне газ қосу үшін әлеуметтік көмек ала алады
Елорда • Бүгін, 10:55
Биыл 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 10:47
Елордадағы мешітте ұрлық жасаған өзбекстандық ұсталды
Елорда • Бүгін, 10:39
Қазақстандық спортшылар Ислам ойындарында тағы 2 жүлде алды
Спорт • Бүгін, 10:30
Шымкентте 1 жасар бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Бүгін, 10:13
Армениядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:08
Алматыдан 125 шақырым жерде жер сілкінді
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады
Туризм • Бүгін, 09:52
16 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:47
Елена Рыбакина Цинциннати турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:42
16 тамызға арналға ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Қазақстанда 9,5 миллионнан астам адам екпе салдырған
Коронавирус • Бүгін, 09:30
ХҚКО өкілдері мүгедектерге мемлекеттік баж салығын төлеткен
ANTIKOR • Бүгін, 09:22
Соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі елге қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 09:13
1453 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:06
Өткен тәулікте 789 қазақстандық індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Ұлттық спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:42
Спорт • Бүгін, 08:40
Цинциннатидегі турнир басталды
Спорт • Бүгін, 08:38
Ұқсас жаңалықтар