Қоғам • 05 Тамыз, 2021

Даярлықтарын жетілдірді

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Приозерск гар­низо­­нын­дағы әскери бөлім­­нің жеке құрамы қатарын то­лықтырған сарбаздар атыс даярлы­ғының жос­парына сәйкес АК-74 қа­руынан оқ ату жат­ты­ғуын өткізді.

Даярлықтарын жетілдірді

Атыс жаттығуының мақсаты сарбаздардың машығын жетіл­діріп, дағдыларын шың­дау болып табылады.

Жаттығу алдында жеке құрам қауіпсіздік ережелерін қай­талап, қаруды бөлшектеп, қайта жинау іс-қимылдарын орын­дап, атыс алаңында оқ атуды орындады. Медициналық көмек көрсету сабақтарына қатыс­ты. Бұған қоса сарбаз­дар әскердің күнделікті дене даярлығы, құқық­тық даярлық сабақтарына да қатысып, әс­кери өмірдің қыр-сырын үй­реніп, дағдылануда.

Бұл – сарбаздардың әске­ри бөлімдегі бірінші атыс жат­ты­ғуы емес. Сондықтан олар қарудан атуда үздік нәтижелер көрсете білді.

– Алғашқы күндері қаруды ұстап, одан ату қобалжытқаны рас. Дегенмен, уақыт өте келе тәжірибе мен машықтанудың нә­тижесінде, жақсы көрсеткіш­ке қол жеткізіп келеміз, – деді үздік нәтиже көрсеткен еф­рей­тор Бекзат Амалбек.

Сарбаздар бір жыл бойы тек АК-74 автоматынан оқ атуды орындап қана қоймай, басқа да қару түрлерін зерделейді. Әскердің, тәртіпке бағынудың, Отанды қорғаудың барлық қыр-сырын үйреніп, нағыз жауынгерлік мектептен өтеді.

– Бүгінгі атыста сарбаздар алғашқы кезбен салыстырғанда машықтанғанын, ептілік пайда болғанын, жүрексінудің сейілгенін көрсетті. Осылайша, бір жыл ішінде дәлдікті, көздеу­ді, нақтылықты біліп қана қой­май, тәртіпке, ережеге, сап­тық даярлықты үйренеді, –деді нұсқаушы сержант Айбек Күртібаев.

Әскери бөлімде мерзімді қыз­меттегі сарбаздармен өткі­зі­летін барлық іс-шарада сани­тарлық-эпидемиялық талаптар сақталатынын айта кеткен жөн.

 

«Егемен-ақпарат»

 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20