Тамыздың 3-4 аралығында мониторинг топтары елордадағы 16 мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты. Алматы ауданында «Рыба моей мечты» караоке клубы карантин режимін сақтамай жұмыс істеді. Ертеңінде осы жағдай «Mansion» караоке барында да анықталды.
Маска режимін сақтамау, әлеуметтік қашық пен карантин режимін сақтамау Байқоңыр ауданының 4 мекемесінде анықталды. Бұл «Әмір» базары, «12 ай» дүкені, «Boroda» және «Muller» барлары.
4 тамызда тағы екі мекеме - «Small» дүкені мен «Мята» лаундж бары бас санитар дәрігерінің қаулысын бұзған. Сарыарқа ауданында 2 күн ішінде мониторинг топтары «Самұрық» дәмханасы мен «Семейная» моншасында, сондай-ақ «Шашлык на набережной» және «Playstation Club» кафелерінде бұзушылықтарды анықтады.
Жұмыс режимін бұзу, жазғы дәмхананың жұмыс істеуі, келушілер мен әкімшілік қызметкерлердің бетперде режимін сақтамауы, сондай-ақ әлеуметтік қашықты сақтамау Есіл ауданындағы «Lavash Food» фаст-фуд пунктінде, «Панаехали», «баХабар» барларында және «Gold Game» компьютер клубында анықталды. Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.
Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай құбылмалы, тәулік сайын қалада КВИ жұқтыруға қатысты 1,3 мың жағдайы анықталады, коронавирус жұқтырып, ауыр жағдайда 300-ге жуық адам ауруханаға жатқызылды.