Шалғай ауылдардың тұрғындарына, әсіресе, қыста ем-дом алу үшін ауруханаларға қатынау қиын. Осыны ескерген болу керек, жергілікті басшылық аймақтың денсаулық сақтау саласына 45 млн. теңгеге жаңа автокөліктер алып берді.

– Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды және «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы ауылдық жерлерде дәрігерлік көмектің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарымыздың бірі. Жаңа басталған жыл ішінде бірнеше дәрігерлік нысанның құрылысы аяқталады деп күтілуде, – деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Х.Нұрғалиева көлік тапсыру сәтінде.
Облыстың аудан-қалаларына бөлінген бұл көліктер аймақ денсаулық сақтау саласының әлеуетін арттыру, «Жедел жәрдем» қызметін дамыту үшін берілген көмектің бірінші бөлігі, екінші бөлігі – республикалық бюджеттен бөлінген 30-ға тарта реанимобильдер. «Жедел жәрдем» стансаларына арналған бұл көліктер медициналық құрал-жабдықтармен толық жарақтандырылған. Ал кілті алдымен қолға тиген 15 «УАЗ» облыс орталығынан өздері бөлінген аудандарға аттанып кетті, қабылдап алушылардың айтуынша, олар одан әрі шалғай ауылдарға жіберілмек.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.