16 Қаңтар, 2014

Вице-министрді таныстырды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет қаулысымен Жанай Омаров Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайын­­­далды.

Үкімет қаулысымен Жанай Омаров Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайын­­­далды.

Кеше Мәдениет және ақпа­рат министрі Мұхтар Құл-Мұ­хам­мед министрлік ұжымына, ми­нистрлікке қарасты мекемелер мен ұйымдардың басшыларына жаңа вице-министрді таныстырды. Жанай Сейітжанұлы Омаров кезінде осы министрлікте департамент директоры болып жұмыс істегенін, одан кейін Елбасының баспасөз хатшысы қызметін атқарғанын, «Қазақстан» телерадио корпорациясын, Қазақ ақпарат агенттігін, соңғы жыл­­­­дарда «Казахстанская прав­да» республикалық газеті» акцио­нерлік қоғамын білік­тілік­пен басқарғанын атап өтті. Жа­най Омаров өзіне көрсетілген се­нім үшін алғыс айтып, оны ақтау үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

Қай қызметте де абырой биігінен көрініп жүрген азаматқа жаңа жұмысында жаңа табыс тілейміз. 

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар