Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі 2021 жылғы 1 қаңтардан басталды. Бұл кезеңде декларацияны тапсыру бойынша міндеттеме мемлекеттік қызметшілерде, оларға теңестірілген адамдарда, сондай-ақ аталған адамдардың жұбайларында туындайды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында бекітілген «мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар» ұғымының мағынасын түсіндірді.
Бұл санатқа келесі тұлғалар жатады:
- жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар, яғни облыс, аудан, қаладағы аудан әкімдері және т.б., сонымен қатар оның ішінде мәслихат депутаттары;
- ҚР Президенттiгiне, Парламентiнің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органының мүшелігіне кандидат ретiнде тiркелген азаматтар;
- жергілікті өзін-өзі басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін қызметшілер-мәслихаттың, әкімдіктің және т.б. қызметкерлері;
- мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар. Оның ішінде, осы санаттағы адамдарға ұйымның мүлкін басқару және оған билік ету құқығы және бұйрықтар мен өкімдер шығару, сондай-ақ қол астындағы қызметкерлеріне қатысты көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолдану құқығы берілген адамдар жатады. Әдетте, мұндай өкілеттіктерге ұйым басшысы, бас бухгалтер және материалдық құндылықтарды дербес басқаруға құқығы бар немесе олардың қозғалысын бақылауды жүзеге асыратын адамдар ие;
- сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша шешімдер қабылдауға уәкілетті тұлғалар. Осы санатқа квазимемлекеттік сектор субъектісінің сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын не сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі өкілеттіктер жүктелген дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын лауазымды адамдарды жатқызған жөн;
- ҚР Ұлттық Банкінің және оның ведомство қызметшілері;
- азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшілері;
- қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қызметшілері.
«Декларацияны қағаз түрінде табыс ету мерзімі 2021 жылғы 15 шілдеде аяқталды. Осылайша, декларацияны электронды түрде тапсырудың соңғы мерзімі 2021 жылдың 15 қыркүйегі», деп атап өтті МКК-де.
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • Кеше
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • Кеше
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • Кеше
Референдум барысын 39 халықаралық байқаушы қадағалайды
Референдум-2022 • Кеше
Алматы метросында сейсмикалық станциялар орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
«Тобылдың» жаңа бас бапкері тағайындалды
Футбол • Кеше
Биыл Атырауда 185 баланы күйік шалған
Аймақтар • Кеше
Қарағанды облысындағы тас жолда браконьер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елордада Ulttyq Onim көрмесі ашылды
Елорда • Кеше
Қазақстанға Омбы облысының бизнес делегациясы келді
Бизнес • Кеше
Қаржы • Кеше
Бүгін қазақстандық хоккейшілер Словакияға қарсы ойнайды
Хоккей • Кеше
Бізге атом электр стансасы керек - Энергетика министрі
Қазақстан • Кеше
Ақжайық резерватының аумағында өрт болды
Қазақстан • Кеше
Ғылым сарапшылары референдумның маңыздылығын талқылады
Референдум-2022 • Кеше
Мемлекеттік сатып алуды рәсімдеу уақыты қысқарады
Қоғам • Кеше
ДДҰ Қытайдың COVID-19-ға қарсы үшінші вакцинасын мақұлдады
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 263 мың адам инфекция жұқтырған
Әлем • Кеше
Ауыл мектептері заманауи жабдықтармен қамтылады
Білім • Кеше
Майнинг фермалар ұлттық электр жүйесінен бөлінуі мүмкін
Қазақстан • Кеше
Үкімет 717 инвестициялық жобаның пулын құрды
Қазақстан • Кеше
GAP қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды
Аймақтар • Кеше
Ерлан Қарин Қазақстан саясаттанушыларының Х Конгресіне қатысты
Қазақстан • Кеше
Ақтөбеде жол апатынан екі адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар